×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Шаршамайтын Рыбакина: теннисші жаңа турнирді жеңіспен бастады

10.01.2024, 18:08
sports.kz

Күні кеше Брисбен турнирінің жеңімпазы атанған Елена Рыбакина сәл тынығып, жаңа турнирде бақ сынауда, деп жазады Ulysmedia.kz.

Отандасымыз Аустралияның Аделаида қаласында жалауын желбіреткен турнирде испандық теннисші Кристина Бучаны 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Естеріңізге салсақ, Елена Рыбакина Брисбен турнирін ұтқаны үшін 220 мың доллар сыйақы алды.

Турнир басталғанға дейін Рыбакина әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған болатын. Бұл жеңісінен кейін жаңартылған нұсқада ол үшінші орынға көтерілді.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның 2023 жылды табысты аяқтағанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары