×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстандықтардың жеке шотында қанша теңге сақтаулы

12.01.2024, 10:58
Қазақстандықтардың жеке шотында қанша теңге сақтаулы
Ашық дереккөзден

Қазақстандықтардың жеке шотында 6 триллион теңге бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше, ел азаматтарының бұдан басқа да есепшоттарында тағы 18,2 триллион теңге жатыр екен. Бұл тізімге қазақстандық бай-бағландар да кіретінін ескерсек, таң қалудың қажеті шамалы. Бұл ақпаратты қарапайым тұрғындарға айтсаң, “каспийімде соқыр тиын да жоқ. Байлардың ақшасын есепке алған ғой” дейтіні анық.

Айтпақшы, өткен жылдың 11 айында елдегі қолма-қол ақшасыз төлем айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 26,5 пайызға өскен. Ал банк картасынан қолма-қол ақшаны шешіп алу үлесі 17,6 пайыздан 14,1 пайызға дейін төмендеген.

Тұрғындар төлемді көбіне интернет және мобильді банкинг арқылы жасайтын көрінеді. Мәселен, күн сайын отандастарымыз цифрлық банкинг арқылы 331 миллиард теңгеден астам сомаға 23,5 миллионнан астам транзакцияны жүзеге асырады.