×
$
439.37
€
498.6
₽
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
439.37
€
498.6
₽
5.22

1 қазаннан бастап қазақстандықтарға несие беру тәртібі өзгереді

Бүгін, 09:40
1 қазаннан бастап қазақстандықтарға несие беру тәртібі өзгереді
Ulysmedia

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда банктерге қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен талаптар қарыз алушыларды алаяқтардан қорғауға және қарыздарды сыртқы қайта қаржыландыру тәртібін реттеуге бағытталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Банктер кепілсіз тұтынушылық қарызды онлайн рәсімдеу туралы шарт жасамас бұрын жеке тұлғаларға сауалнама жүргізуге міндетті болады. Сауалнамада алаяқтық белгілерін немесе үшінші тұлғалардың ықпалын (әлеуметтік инженерия) анықтауға бағытталған жеті сұрақ қамтылады.

Қандай сұрақтар қойылады?

Қарыз алушыдан:

  • несиені рәсімдеуді кім ұсынғаны;

  • банкке өзі жүгінгені немесе үшінші тұлғалардың өтініші бойынша келгені;

  • несиені қандай мақсатқа алатыны;

  • несие сомасымен, мерзімімен, пайыздық мөлшерлемесімен және өтеу кестесімен танысқаны;

  • оған біреудің қысым көрсетіп, несиені тез рәсімдеуге асықтырғаны;

  • банк қызметкерлерінен немесе туыстарынан несие рәсімдегенін жасыруға кеңес берілгені;

  • бұған дейін «ақшаңызды қорғау» немесе «шотыңыздағы операцияларды тексеру» туралы қоңыраулар алған-алмағаны сұралады.

Банк қандай шара қолданады?

Осындай белгілер анықталса, банк қосымша тексеру жүргізеді, қарыз алушыға ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді. Сондай-ақ банк несие беруден бас тартуы немесе шарт жасасуды уақытша тоқтатуы мүмкін.