×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Путин коронавирусқа байланысты оқшаулану режиміне көшті

14.09.2021, 14:21
Фото: Ашық дереккөзден

Оның айналасындағы адамдардан коронавирус анықталған.

Ресей президенті Владимир Путин араласатын ортада коронавирус жұқтырғандар анықталған. Осыған байланысты ол оқшаулау режимін сақтауы керек, деп хабарлады РиаНовости.

 «Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин өз ортасында коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелгеніне байланысты белгілі бір уақытқа оқшаулану режимін сақтайтынын айтты», - делінген хабарламада.

 Ресей көшбасшысы парлимпиадашылармен кездесу кезінде, оның айналасындағылардың көпшілігі коронавируспен ауыратынын айтты. Ол шынымен не болып жатқанын анықтау керек екенін, жақын арада өзі де «карантинге кетуі» керек деп ойлайтынын жеткізді.

Кейін баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент мұны бейнелеп айтқанын ескертті. Ресей көшбасшысы көктемде Sputnik V вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді. Мемлекет басшысы вакцинациядан кейін антидене «жақсы сақталғанын» бірнеше рет мәлімдеді.

 

 

Серіктес жаңалықтары