×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Трамп өзін, Путин мен Си Цзиньпинді Сталин, Рузвельт және Черчилльмен салыстырды

Бүгін, 11:00
Трамп өзін, Путин мен Си Цзиньпинді Сталин, Рузвельт және Черчилльмен салыстырды
әлеуметтік желі

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суреттерін жариялап, екеуін де досым деп атады. Кейін үшеуінің кездесуін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бас қосқан үш алпауыт ел басшысының кездесуіне теңеді. Алайда жарияланған суреттердің бірінде тарихи датадан қате кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамп Путин мен Си Цзиньпинді досым деп атады

Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында картинаға ұқсатып өңделген бірнеше сурет жариялады.

Олардың бірінде АҚШ президенті Владимир Путинмен қол алысып тұр. Онда «Менің досым» деп жазылған.

Ал екінші суретте Трампты ұшақ баспалдақтарының маңында Қытай төрағасы Си Цзиньпин қарсы алып тұр. Бұл суретке ол «Достар» деген жазу қалдырған.

Сонымен қатар, Трамп үш елдің басшысы бірге түскен суретті де жариялады.

Өзін Сталин, Рузвельт және Черчилльмен салыстырды

Көпшіліктің назарын аударған тағы бір суретте Трамп өзін, Путин мен Си Цзиньпинді Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Кеңес Одағы, АҚШ және Ұлыбритания басшыларымен салыстырған.

Коллаждың бір жағында Иосиф Сталин, Франклин Рузвельт және Уинстон Черчилль бейнеленсе, екінші жағында Владимир Путин, Си Цзиньпин және Дональд Трамп тұр.

Суретке «Ұлы державалар. 1945, 2026» деген жазу жазылған.

Осылайша АҚШ президенті қазіргі үш ел басшысының кездесуін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемнің болашағына қатысты маңызды келіссөздер жүргізген саясаткерлердің басқосуымен салыстырған.

Суреттен қандай қате табылды?

BBC басылымының жазуынша, коллажды дайындағандар тарихи оқиғалардың жылын шатастырып алған.

Сталин, Рузвельт және Черчилльдің салыстыру үшін пайдаланылған суреті 1945 жылы емес, 1943 жылы Тегеранда түсірілген.

Үш елдің басшылары алғаш рет дәл осы Тегеран конференциясында бас қосқан. Сол кезде олар нацистік Германияға қарсы күрес және Еуропада екінші майдан ашу мәселелерін талқылаған.

Ал 1945 жылғы ақпанда Сталин, Рузвельт және Черчилль Ялта конференциясында қайта кездескен.

Бұл жолы келіссөздердің басты тақырыбы соғыс аяқталғаннан кейінгі әлемдік тәртіпті қалыптастыру болған.

Сізге қызық болуы мүмкін