Ақтөбеде Қазақстандағы ең үлкен стадион салынуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша Ақтөбеде ұсынылып отырған стадионның сыйымдылығы "Астана Аренаның" көрсеткіштерінен асып түсуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта елордалық стадион 30 000-ға жуық көрерменді қабылдай алатын елдегі ең үлкен кешен. Ал Ақтөбе жанкүйерлері ішкі чемпионаттағы ойынға жиі келеді. Еурокубок матчтарына 50 мыңнан 70 мыңға дейін өтінім келіп түседі екен.
Бұған дейін Қазақстан спортқа Ұлыбритания мен Канадамен салыстырғанда көп қаржы жұмсайтынын жазған едік.
Ұлыбританияда мемлекет балалар спортынан бөлек кәсіби спортты да қолдайды. Бірақ елге ең көп жеңіс пен медаль әкелетін спорт түрлерін ғана қолдайды. Үкімет соңғы төрт жылда бұл мақсаттарға 400 млн еуродан астам қаржы бөлді. Бұнда қаржының үштен бірі ұлттық лоторея қорынан түседі, ал қалған үштен екісі бюджеттен бөлінеді.
Ал Қазақстан спортын көбінесе мемлекет пен оның құрылымдары қаржыландырады. Бұл бұрынғы КСРО-ның барлық елінің ерекшелігі. Негізгі екі қаржыландыру көзі бар: жергілікті әкімдіктер – олар қаржыны спорт инфрақұрылымын дамытуға бөледі, бұған қоса кәсіби клубтарды қаржыландырады; және Ұлттық Олимпиада комитеті – ол ақшаны спортшыларды қолдау мен шараларды ұйымдастыруға төлейді.