×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстан спортқа Ұлыбритания мен Канададан көп қаржы жұмсайды

16.09.2021, 10:59
фото: ашық дереккөзден

Елдер спортқа қанша және қалай қаржы жұмсайтыны жария болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Forbes.kz мәліметінше, бұл сала түрлі жолмен қаржыландырылады. Мәселен, АҚШ-та спорт министрлігі сияқты ұйым жоқ. Кәсіби спорт өз бетінше ақша табады, ал билік бюджет қаржысын жеке ғылыми-зерттеуге және тәжірибелік-конструкторлық еңбектерге, спорт біліміне, қоғамдық стадиондар, бассейндер мен спорт кешендерінің құрылысына, кейбір жарыстарды өткізуге бөледі. Спорт шаралары және туризм қауымдастының дерегінше, АҚШ-та спортқа деген шығындардың 95%-ын жеке компаниялар өзіне алады. Есесіне америкалықтардың спорттан жақсы ақша таба алатыны баршаға мәлім. Мысалы, өткен жылы Ұлттық баскетбол лигасының табысы $8,3 млрд-қа жетті.

Ал басқа елдерге келсек, спортты көбінесе мемлекет қаржыландырады. Назарларыңызға 2020 жыл және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы спортты мемлекеттік қаржыландыру көлемін ұсынамыз.

Ұлыбританияда мемлекет балалар спортынан бөлек кәсіби спортты да қолдайды. Бірақ елге ең көп жеңіс пен медаль әкелетін спорт түрлерін ғана қолдайды. Үкімет соңғы төрт жылда бұл мақсаттарға 400 млн еуродан астам қаржы бөлді. Бұнда қаржының үштен бірі ұлттық лоторея қорынан түседі, ал қалған үштен екісі бюджеттен бөлінеді.

Ал Қазақстан спортын көбінесе мемлекет пен оның құрылымдары қаржыландырады. Бұл бұрынғы КСРО-ның барлық елінің ерекшелігі. Негізгі екі қаржыландыру көзі бар: жергілікті әкімдіктер – олар қаржыны спорт инфрақұрылымын дамытуға бөледі, бұған қоса кәсіби клубтарды қаржыландырады; және Ұлттық Олимпиада комитеті – ол ақшаны спортшыларды қолдау мен шараларды ұйымдастыруға төлейді. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын тек кәсіби спортқа 55 млрд теңге жұмсалады. Жалпы, бұл салаға кететін мемлекеттік шығындар 160 млрд-қа жетеді.

Серіктес жаңалықтары