×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мұны көргенше өліп кетуім керек еді – Ермек Тұрсынов

15.01.2024, 10:06
Мұны көргенше өліп кетуім керек еді – Ермек Тұрсынов
Коллаж: ulysmedia.kz.

Режиссер Ермек Тұрсынов отандық кино түсірушілерді қатаң сынға алып, олардың еңбегін "катастрофаға" теңеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы “Мүмкін емес” Youtube арнасындағы сұхбатқа сілтеме жасап.

– Кино саласында тұтас деградация болып жатыр. Мен оны тіпті диверсия деп атаймын. Көз алдымызда болып жатқан нәрсе. Әнеубір мотоциклге мінген әйелді айтам, иә, «Таптым-ау, сені». Жалқауланбай барып қайттым. Бұл катастрофа! Ал залдар лық толы. Көз алдыңа елестете аласың ба? Ұлтымыздың уланғаны соншалықты, олардың бәрі ананы – бұл жерде боқтауға болмайды ә, соны көріп отыр. Көре отырып бәрі бақытты. Орнымнан тұрып, «халайық, сендерді алдап соғып жатыр, мына киноның бәрі өтірік, немеге көріп отырсыздар?» дегім келеді. Қазіргі киносымақтар... Қайдағы бір актерлар мен режиссерлер қаптап кетті. Экран быт-шыт – катастрофа. Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді. Соның бәрі тапа-тал түсте болып жатыр. Цензура енгізу керек, – дейді Ермек Тұрсынов.

Режиссер сонымен қатар, сахнада стендаперлер аузына келгенін айтатынын еске салады.

– Өзінің «жігіттігін» боқтықпен жабатындарды қойшы, қазір солай қыздар да сахнада аузына келгенін көкиді. Мен оны қабылдай алмаймын. Сендерге не болған? Телевидениеде, әлеуметтік желіде не болып жатыр? Белгілі бір уақыттан кейін қылмыскерлер қоғамын қалыптастырамыз бұл түрімізбен, – дейді ол.

Ермек Тұрсынов Қазақстан бұрын үлкен түрме болғанын айтып, сол шаққа қайтып бара жатқан сияқтымыз деп қауіптенеді.

– Түрмелер бізде көбейеді әлі. Өйткені сол фильмдерге баратын аудитория – келешектегі қылмыскерлер. Өйткені олардың санасында ештеңе жоқ. Ол жақта нендей құндылықтар насихатталып жатыр? «Ұрлық жаса да, мал тап» дегендей әңгіме. Бұл жаппай деградация, – дейді ол.