×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жәнібекті асырап алған адам Арқалықта бір кісіге қомақты қаржы берген

16.01.2024, 21:38
Жәнібекті асырап алған адам Арқалықта бір кісіге қомақты қаржы берген
instagram/muratsaveliev

Танымал журналист Қымбат Досжан Жәнібектің анасын іздеу барысында Арқалық қаласының балалар үйінен 2000-2004 жылдары аралығында 80-нен аса баланы шетелдіктер асырап алғанын мәлімдеді. Бұл баланың барлығы заңды түрде шетел асты ма? Бір баланың тағдыры біраз былықтың бетін ашып беретін сияқты. Бұл мәселе Ulysmedia.kz тілшілерінің де назарында.

Бас прокурорға хат

Жәнібек виза мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетуге мәжбүр болып, заңды өкілі ретінде Қымбат Досжанға бар шаруаны тапсырып кеткен болатын.

"Арқалық қалалық полиция басқармасында Бельгия азаматы Жан Эддидің (Жәнібек) атынан және Қазақстандағы заңды өкілі ретінде менің атымнан соталды тергеп тексеру бойынша арыс беріліп, іс қозғалған болатын. Алайда қылмыстық іс қандай да бір қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына орай қысқартылды. Қазіргі жаңалығымыз Жан Эддиді асырап алған бельгиялық азаматша Қазақстанға келмей тұрып, Жәнібек Жұмағұловтың суреті мен жеке мәліметін электрон пошта арқылы алғанын мәлімдеді. Одан бөлек, асырап алған адам Арқалыққа келгеннен кейін бір кісіге қомақты қаржы бергенін де айтты. Осы оқиғаны зерттеу барысында Арқалық қаласының балалар үйінен 2000-2004 жылдары аралығында 80-нен аса баланы шетелдіктер асырап алғаны мәлім болды. Бұл баланың барлығы заңды түрде шетел асты ма? Жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, біздегі сараптама және зерттеу қорытындыларын негізге ала отырып, Арқалық қалалық полиция басқармасында қозғалып, кейін тоқтатылған істі тек "салғырттық" бабы бойынша емес, "кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша қайта қозғалуын еліміздің бас прокурорына xат жолдадық. Редакция парламент мәжілісінің депутаты Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспанмен де жолығып, заңгерлік кеңес алды. Депутат бұл маңызды мәселеге бұдан әрі қарай да көмек беретінін айтты", - деді ол. 

Мемлекет басшысы назар салса...

Оның айтуынша, Жәнібектің оқиғасына қатытсты журналистік зерттеу жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ.

"Ресми органдарға жолданған хаттардан кейін маңызды шешім қабылданады деп сенеміз. Бұл жағдай мемлекет басшысының да назарына ілікті деп ойлаймыз", - дейді Қымбат Досжан. 

ДНҚ сараптамасы

Бұған дейін «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншек ДНҚ сараптамасын тапсырған еді. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын бельгиялық баланың үміті ақталмады. ДНҚ сараптамасы теріс нәтиже көрсетті.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде шетелде тұратын Жәнібек есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан) жас жігіттің Қазақстанға келіп, анасын іздеп жатқаны туралы видео жарияланған еді. Белгілі болғандай, Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туған. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен.