×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тоғыз адам күдікті: Костенко шахтасындағы жарылысты тергеу ісі соңына жетті

17.01.2024, 08:31
Фото: Ulysmedia.kz

Күдікті ретінде 9 адам тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпарат қайдан шықты?

Бас прокуратура бүгін сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің былтырғы жұмысын қорытындылады. Құзырлы органның хабарлауынша, 2007 жылдан бастап прокуратура органдарында арнайы прокурорлар институты жұмыс істейді. Арнайы прокурорларға резонансты және аса күрделі істерді тергеу тапсырылады.

Резонансты істердің ішінде құзырлы орган Костенко шахтасындағы апатты атап өтеді. Салдарынан 46 кенші қаза тапқан жарылыстар бойынша істерді тергеу аяқталуға жақын қалған. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынған.

Өткен айда осы іс бойынша 7 адам тергеліп жатқаны хабарланған еді.

Кеніштегі жарылыс

2023 жылы 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, 46 кенші қаза болды.

Шахтада көз жұмған жұмысшылардың толық тізімі жарияланды. Қазақстан президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, үкіметтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды. Қарағанды ​​облысына барып, марқұм кеншілердің туыстарымен кездескен Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

АрселорМиттал Теміртау Qarmetke айналды

Қайғылы оқиғадан соң Қазақстанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ инвесторы Лакшми Миттал мен басқарушы Палаватху Кришнанды "қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қасақана әрекетсіздігі" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

Белгілі экономист, 2022 жылы президенттікке үміткер болған Мейрам Қажыкен билік Костенко шахтасындағы апатқа бар кінәні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акционері Лакшми Митталға жауып отырғанын, ал шын мәнінде кеншілердің өліміне 90% үкіметтің өзі кінәлі екенін мәлімдеді. Алайда премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметті ақтап, жауапкершілікті кәсіпорын басшылығына ысырды. Көп өтпей, АМТ-ны қазақстандық олигарх Андрей Лаврентьевтің сатып алғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары