×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АЭС Қазақстандағы екінші LRT-ға айналмай ма

18.01.2024, 11:42
АЭС Қазақстандағы екінші LRT-ға айналмай ма
Коллаж: ulysmedia.kz.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов атом электр стансасы референдум қорытындысы бойынша салынатыны шешілсе, елордадағы LRT тағдырын қайталамай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат кулуарында журналистер вице-министрден Қазақстанда атом электр станциясы салынғаннан кейін тарифтер қалай өзгеретінін сұраған. Бірқатар сарапшы электр энергиясының тарифі жоғарылайтынын атап өтеді.

– Тариф екі есе өспейді, әрине, олай болмайды, бірақ қазір нақты сандарды айта алмаймыз. Бірақ кез-келген жаңа нысан, жаңа инвестиция азырақ өсімге әкеледі, бұл тек атом станциясы емес, бұл кез-келген жаңа станцияға байланысты. Өтелу кезеңінде ол, былайша айтқанда, аздап өсім себебіне айналады, өйткені инвестицияларды қайтару қажет, - деді вице-министр.

Есімханов қазақстандықтар АЭС салу туралы референдумда шешім қабылдағаннан кейін жобаны іске асыруға 10-12 жыл қажет болатынын атап өтті. Инвесторлар өз инвестицияларын 15-20 жыл ішінде қайтара алады.

Сондай-ақ, журналистер энергетика министрлігі өкілінен АЭС құрылысы кезекті ЛРТ тағдырына айналып, сыбайлас жемқорлық дауына ұласпай ма деп сұрады.

– Бізде мұндай қорқыныш жоқ. Шешім қабылданғаннан кейін біз бұл мәселеге өте байыпты қарайтын боламыз. Біз бұл өте жақсы және маңызды жоба екеніне сенімдіміз. Заңнама шеңберінде әрекет етеміз - вендормен, инвестормен жұмыс жүргіземіз, - деді Сұңғат Есімханов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде президент атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізу қажеттігін мәлімдеген еді.