×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қандаланы улаймын деп көрші балаларды өлтіріп алған әйелге үкім шықты

18.01.2024, 16:00
сурет ашық дереккөзден

Әйел балалардың өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді бұзғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтауда сот екі баланың уланып көз жұмуына себеп болған әйелге үкім шығарды. Прокуратура сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушының өзі және оның адвокаты бас бостандығынан айырудан тыс жазадан үміттенген.

– Кінә сарапшының қорытындысымен, куәгерлердің айғағымен, заттай дәлелдемелерді тексеру хаттамаларымен дәлелденді. Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Қандаладан улағанда үйінен кетіп қалған

Еске сала кетейік, былтыр Ақтауда 1 және 2 жасар балалар дезинфекциядан уланып көз жұмған еді. Қайтыс болған балалардың туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтерін дезинфекциялаған. Бірақ бұл туралы ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.

Осы оқиғаға қатысты пікір білдірген Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде кез келген адам дезинфекция заттарын сатып алып, үйлеріне шаша алатынын айтты. Бұл мәселе заңмен реттелмеген. Маңғыстау облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұралин Баржықовтың айтуынша, сәбилердің өліміне жауапты әйелге қатысты екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылған болатын.

Серіктес жаңалықтары