×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Көршісі жәндіктерді улаған: Ақтауда дезинфекция салдарынан 2 сәби көз жұмды

23.10.2023, 10:20
фото: ашық дереккөзден

Ақтауда 1 және 2 жасар балалар дезинфекциядан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Mangystaumedia.kz порталының жазуынша, тағы 2 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Қайтыс болған балалардың туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтерін дезинфекциялаған. Бірақ бұл туралы ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.

«Сол түні кішкентай балалар құса бастаған. Жедел жәрдем шақырғанмен, балаларды құтқара алмады. Қалған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер ешқандай болжам жасап жатқан жоқ», - деді туысы.

Дезинфекция жасалған пәтердің иесін полиция жауап алу үшін алып кетіпті.

«Біз үйді жуып, тазаладық, бірақ бәрібір жағымсыз иіс әлі де бар. Осындай қайғылы оқиға бұрын Маңғыстау ауылындағы 2 шағын ауданда болған. Неліктен көршілерге алдын ала ескертпеген? Өйткені, мұның қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін бәрі біледі», - деді балалардың анасының сіңлісі.

Облыстық полиция ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары