×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

ТМД-да ең қымбат такси қызметі Қазақстанда болып шықты

20.01.2024, 13:45
Фото: Ашық дереккөзден

Жыл басында такси қызметтерінің құны 1 шақырым үшін 00,61 долларды құрады, ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Әзербайжанда тариф 00,59, Ресейде 00,34, Беларусбте 00,31, Армения мен Өзбекстанда 00,3 долларды құраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық таксопарктердің табысы 2023 жылы шамамен 6 млрд теңгеге жетті.

– 2023 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы 17%  артып, 5,9 млрд теңгеге жетті. Бір жыл ішінде 47,4 млн адам такси қызметін пайдаланды - бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%  аз, - делінген хабарламада.

2023 жылғы желтоқсанда Қазақстанда таксиге бару құны өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1% өсті. Алматы тұрғындары бір жыл ішінде бағаның ең елеулі өсіміне тап болды, ол 30,3% құрады. Құнның өсуі бойынша екінші және үшінші орындарда тиісінше Ақтөбе және Абай облыстары (өсім 22,1% және 17%) тұр.

Маңғыстау облысы такси қызметтері құнының ең аз жылдық өсімін 1,2% тіркеді. Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бағалар былтырғы деңгейде қалды.

Серіктес жаңалықтары