×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ауғанстан жаппай ашаршылық алдында тұр – БҰҰ

25.10.2021, 23:22
Ауғанстан жаппай ашаршылық алдында тұр – БҰҰ
Фото: ЕРА

Ауғанстан халқының жартысынан көбі (Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 39 миллион адамның 22,8 миллионға жуығы) қараша айынан бастап наурыз айына дейін азық-түлік тапшылығының «шарықтау шегіне» жетеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ТАСС-тың мәлметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының бірлескен есебінің авторлары осындай қорытындыға келді.

Атап айтқанда, құрғақшылық, қарулы қақтығыс, COVID-19 пандемиясы және экономикалық дағдарыс ауғандықтардың өміріне және олардың азық-түлікке қол жеткізуіне айтарлықтай кері әсер етуде.

Баяндама авторлары Ауғанстандағы ашаршылықтың аз-ақ алдында тұрғандар саны елдегі жағдайды осы жылдың сәуір айында жарияланған соңғы бағалаумен салыстырғанда 37% артқанын атап өтті.

Жылдың соңына қарай бес жасқа дейінгі 3,2 миллионға жуық бала аштықтан зардап шегуі мүмкін, ал олардың 1 миллионға жуығы шұғыл көмек алмаса аштықтан қаза табуы мүмкін.