Тараған ақпараттарға қарағанда бортта алты адам – экипаждың төрт мүшесі мен екі жолаушы болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үнді жолаушылар лайнері апатқа ұшырады
Үндістаннан ұшатын Falcon 10B жолаушылар ұшағы алдын-ала бағытынан ауытқып, Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Топхан тауына құлады. Апатқа ұрышамас бұрын ұшқыш техникалық ақаулар барын хабарлаған.
Бадахшан полициясының басшылығы жолаушылар ұшағы 20 қаңтарда кешке радардан адасып, Вахан ауданының тауларында апатқа ұшырағанын растады. Оқиға орнына тергеу тобы бара жатыр.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, лайнер Мәскеуге бет алған.
Бұрын Токиода Japan Airlines (JAL) ұшағы Ханеда халықаралық әуежайына қонған кезде өртеніп кеткен еді.