×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Тина Канделакидің Қазақстанда бизнесі бар болып шықты

22.01.2024, 15:30
Тина Канделакидің Қазақстанда бизнесі бар болып шықты
Фото: Ашық дереккөзден

Атап айтқанда, ресейлік журналистің косметика компаниясы өнімдерін Қазақстанда да сатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда өкілдігі бар компания

Компанияның ресми сайтында Тина Канделаки мен құрбысы Линда Гусева екеуі білімін біріктіріп, Мәскеуде халықаралық деңгейдегі SPA-клиника ашқаны жазылған. Осы бизнесті бастай отырып, құрбылар халықаралық мамандарды шақырып, Ansaligy зертханасының басшысын іске тартқан. Бет-әлпетті тазартатын технологияны бірге іздеген. 

«Осылайша, сұранысқа ие, ірі қалада белсенді өмір сүру салтын жүргізетін әйелдерге арналған Ansaligy өнімдер желісі пайда болды», - делінген компанияның ресми сайтында.

Ansaligy брендімен өнімдердің алғашқысы 2016 жылы пайда болған. Ол кезде журналистің компаниясы өнімнің санаулы түрін шығарған. Қазақстанда аталған желінің ресми өкілдігі жұмыс істейді.

Ашық дереккөздерде аталған брендтің өнімдерінің бағасы 10 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін екені көрсетілген.

Тина Канделаки

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки бұған дейін Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.

Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы" деп жазған.

Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары" дейді ол.

Қазақстанның депутаттары осы шу жөнінде пікірін білдірді.

Арман Шораевтың пікірі

Публицист Арман Шораев болса жалпы Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарын өзінше бағалайды Егер Ресейде есі ауысқандар Қазақстанның солтүстігінде арнайы әскери операция өткіземіз десе, федерацияның көрер күні санаулыға айналады. Ол аз десеңіз, Қазақстандағы орыс этносының 2,5 млн адамының тағдыры ала-дүлей болары анық, себебі мұсылман еліне жасалған шабуылды ислам әлемі кезекті крестшілер жорығы ретінде қабылдайтыны анық дейді ол.