×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанада жер сілкінісі болған жоқ – департамент

23.01.2024, 05:09
Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті түн жарымында елорда тұрғындары жер сілкінісіне байланысты шағымданғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

23 қаңтарда сағат 00:19 шамасында Астана қаласы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына елорда тұрғындарынан жер сілкінісі мәселелері бойынша 30-дан астам қоңырау түсткен.

– Өтініштер мен хабарламалардың келіп түскен мекенжайлары бойынша жедел-құтқару бөлімшелері жіберілді, олар келген кезде ғимараттар мен құрылыстарға көзбен шолып тексеру жүргізді және жер сілкінісі фактілері расталмады, зардап шеккендер тіркелмеді, – делінген департамент хабарламасында.

Департамент “Астанада жер сілкінісі болған жоқтығын, бұл Қырғызстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде болған жер сілкінісінің салдары болғанын” хабарлайды.

– Қазіргі уақытта жедел штаб ашылды, 24-51-47 және 24-51-71 телефондары бойынша жедел желі ұйымдастырылды, – делінген хабарламада.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.
Серіктес жаңалықтары