×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда қуатты жер сілкінісі болды: зардап шеккендер бар ма

Фото: facebook.com/Асхат Қасенғали

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі кезінде тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД өкілі тұрғындарды қауесеттер мен жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат түскен жоқ.

Сонымен қатар Атығаев тұрғындарды көшеге шығып, сабыр сақтауды сұрады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды:

1. Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;

2. Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;

3. Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;

4. Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;

5. Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);

6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;

7. Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;

8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;

10. Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.

Серіктес жаңалықтары