×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер саны 40-тан асты

23.01.2024, 09:38
Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда түнгі сағат бірден бастап 44 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Алматыда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер

Медициналық көмекке әртүрлі жарақаты бар, жеңіл және орташа жарақат алған адамдар жүгінген. Бірінің басы көгерген, сіңірі тартылған.

Олар қаланың стационарларына жеткізілген. Оның ішінде 34 ересек адам бар. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, бесеуі амбулаториялық емделуге жіберілді.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.
Серіктес жаңалықтары