×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жер сілкінгенде не істеу керек – ТЖМ әрекет алгоритмін жариялады

23.01.2024, 13:19
Фото: Ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігі егер сіз төтенше жағдайға байланысты эвакуация туралы хабарды естіген болсаңыз, әрекет ету алгоритмін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Сабыр сақтап, міндетті түрде тиісті талаптарға сай әрекет етіңіз. Ең әуелі ауа райына сай киініп, құжаттарыңызды, құнды заттарыңызды алыңыз. Тұрғын-жайдағы, кеңседегі электр қуатын, газды, суды, пешті сөндіріңіз. Сыртқы есіктерді құлттауды ұмытпаңыз. Эвакуацияға жауапты тұлғаның бұйрығына сай әрекет жасап, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз, – дейді ТЖМ.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары