Алматыда 15:07-де тағы бір жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл жолғы дүмпу 2 балдық болды. Магнитудасы 4,9-дық жер сілкінісінің эпицентрі 5 шақырым тереңдікте – Алматыдан 264 шақырымда, Қытай аумағында болған.
Алматыдағы жер сілкінісі
Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді: