Блогер дін аман. Аздаған жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Супермамасита" атымен белгілі блогер Әлия Байтоғаева жазылушыларын елең еткізер видео жариялаған. Кадрларда Байтоғаеваның альпинизммен айналысқан сәтінде терең шұңқырға түсіп, құлап жатқанын көруге болады.
– Бұл қас-қағым сәтте болды. Аяғым тайып, сарқыраманың астындағы төрт метрлік шұңқырға түсіп кеттім. Қорықтым, бірақ ұсақ жарақатпен құтылдым. Әуелі "бұл жерден қалай шығуға болады?» деп ойладым. Мұзды қабырғаға жабысып, шыуға тура келді. Алғашқы альпинизм осылай сабағы өтті, - деп жазады блогер.
Әлия Байтоғаева 7 миллион жазылушысы бар танымал қазақстандық блогер. Ол өзінің блогында саяхаттаған елдері мен отбасылық өмірін көрсетеді. Үш баланы – қызы мен екі ұлын тәрбиелеп отыр.