×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

3 мың теңге қарызы бар адам банкроттыққа өтініш берген

Фото: calculator-credit.ru

Банкке 2 978 теңге қарыз болған адам банкрот деп тану жөнінде өтініш берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасы елде жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық туралы өтініштерін қабылдау 2023 жылғы наурызда басталғанын, жыл соңына дейін қазақстандықтар 77 мыңға жуық өтініш берсе, 62 мың өтініш қабылданбағанын жазған.

8,3 мыңға жуық адам банкрот деп танылды. Қарыздың медианалық сомасы – шамамен 962 мың теңге, орташа сомасы шамамен 1,6 миллион теңге болды. Бір қызығы, ең төменгі сома – небәрі 2 978 теңге, - делінген бюро хабарламасында.

Бірінші кредиттік бюро банкроттықтың ауыр зардаптары бар екенін, банкрот деп танылған соң өтініш беруші 5 жыл бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан ешқандай несие ала алмайтынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары