×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Брендті жоғалтып алмасақ екен»: НЗМ басшысы атауының өзгеруін құптамады

29.01.2024, 09:05
Коллаж: ulysmedia.kz.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің (НЗМ) басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин оқу ордасының атауының өзгеруін құптамайды. Осы ойын ол Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында айтты.

– Оның (Назарбаев – авт.) соңғы рет біз жаққа қашан келіп қайтқанын айта алмаймын. Мен былтыр наурыздан бері осындамын. Содан бері келген емес. Атауын өзгертуге келер болсақ, бұл маған қойылатын сұрақ емес. Мен ондай шешімді қабылдай алмаймын. Сондай шешімді қабылдай алатын адамдарға қойылуы керек шығар, – дейді Жанғозин.

Десе де мектептердің басшысы атауды өзгерту оқу ордасына жайсыз ықпал ететінін айтады.

– Былай дейін: NAS (НЗМ) бренд ретінде елде ғана емес, әлемде де танылды. Әлемнің 60 жоғары оқу орыны біздің бағдарламаны, дипломды мойындайды. ТМД елдері ғана емес, басқа да шет елдер біздің тәжірибеге мойын бұрып қарайды. Атауы келешекте қалай болса да, брендті жоғалтып алмасақ екен. Егер қандай да бір себеппен өзгеріп жатса, аббревитурасын қалдырған абзал, – дейді ол.

Сонымен бірге, Жанғозин мектептердің атауын өзгерту үшін елдің заңнамасына өзгерістер енгізу керектігін де айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының YouTube-арнасынан көре аласыз.

Серіктес жаңалықтары