НАТО-ның қырғиқабақ соғыстан кейінгі ең ірі жаттығуы басталды. Бұл туралы мемлекет және қоғам қайраткері, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев өзінің YouTube-арнасында пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НАТО Ресейге шабуыл жасауы мүмкін. Алайда бұл ұйым мұны ашық айтпайды. Ең басты стратегиялық алянс құжатында Ресей НАТО-ға мүше елдерге тікелей қауіп төндіретін ел қатарына жатқызылған. Ал Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус өз сөзінде Ресей тарапынан болатын шабуылға дайын болу қажеттігін айтқан. НАТО Прибалтика, Польша, Батыс Балқан, Молдавия шекрасындағы ыстық нүктеде. Ұйым тарапынан мұнда ірі оқу-жаттығу өткізілейін деп жатыр. Бұл жай емес, 90 мың сарбаз, 31 мемлекет, 50 кеме, 80 жауынгерлік ұшақ,, 133 танк6 т.б. қатысатын оқу-жаттығу мамыр айына дейін созылады... - дейді Е. Ертісбаев.
НАТО ұйымы туралы аз-кем ақпарат
НАТО сөзі – ағылшын тіліндегі North Atlantic Treaty Organisation тіркесінің қысқартылған түрі. Мағынасы – «Солтүстік Атлант келісім ұйымы».
Бұл – әскери-саяси одақ. 1949 жылы құрылған. Мақсаты – Еуропаны КСРО-ның ықпалынан қорғау. Қазір одаққа 30 мемлекет мүше: 28-і Еуропадағы мемлекеттер, екеуі – сыртқы елдер (Солтүстік Америкадағы Канада мен АҚШ). Еуропа мен Америка құрлығындағы елдер Атлант мұхитының жағалауында жатқан мемлекеттер болғандықтан, одаққа Атлант атауы берілген. Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде жатқан бұл елдер кеңес одағының басқыншылық саясаты мен жалпы ықпалынан ада болу үшін осындай ірі әскери одақ құрады.
НАТО-ның басты мақсаты құжатында былай көрсетілген:
- Мемлекет халқының еркіндігін, мұрасы мен өркениетін, заңы мен демократиялық құндылықтарын, жеке адами құқығын қорғау;
- Солтүстік Атлант аймағының әл-ауқатын көтеру, тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Бейбітшілік пен қауіпсіздікті бірігіп қамтамасыз ету;
- Бейбітшілік пен достық қарым-қатынасты халықаралық деңгейде дамыту;
- Халықаралық экономикалық саясатта орын алған келеңсіздіктерді бірігіп шешу;
- Әскери басқыншылыққа төтеп беру мақсатында жеке және ұжымдық қорғанысты күшейту.
Ұйымның штаб пәтері Бельгияның астанасы Брюссель қаласында.
Ермұхамет Ертісбаев. Ол кім?
Ол қазақстандық саясаткер, дипломат, 2022 жылдан бастап ҚХП төрағасы. Бұдан бұрын ол Қазақстанның Беларустегі (2017–2019) және Грузиядағы (2013–2017) елшісі болған.
Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. 1990—1994 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.
1994—1998 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.
1994–1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
1998—2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2006 жылы қаңтар айынан бастап Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.
2006—2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрі.
2008 жылы мамыр айынан 2013 жылға дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі.
2019 жылы өзінің дипломатиялық жұмысын аяқтады. 18 наурыз күні 2022 жылы Ертісбаевтың Қазақстан халық партиясы құрамына кіргені белгілі болды. 28 наурыз күні Ермұхамет Ертісбаевты партия төрағасы болып сайлады. Алайда оның орынбасары Серікқали Мұқашев Ертісбаевтың саяси ұйымға төраға болуға лайық емес екенін айтып, қарсы шыққан болатын.
Украина НАТО-ға мүше болуға талпынып жүр
Айта кетейік, бүгінде көрші Ресеймен соғысып жатқан Украина НАТО-ға мүше болуға бірнеше рет талпынған еді. Былтыр Германия канцлері Олаф Шольц G7 саммиті барысында журналистерге Украинаның жақын болашақта НАТО-ның жаңа мүшесі болуы екіталай екенін айтты.
Оның айтуынша, Украина қазіргі уақытта Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру үшін қажетті көптеген критерийлерге сәйкес келмейді.
Біз Бухарестте шешім қабылдадық, НАТО-ға мүше болу перспективасы ілгеріде жасалып қойған. Әрине, НАТО үшін тұжырымдаған критерийлердің арасында Украинаның қазіргі уақытта орындай алмайтын көптеген шарттары бар, - деді ол.
Ол Украинаның НАТО-ға кіруі жақын болашақта мүмкін емес екенін атап өтті.