Қазақстанда су тым арзан, сондықтан осы жылдың ішінде оны тарифтер өседі. Үкіметте өткен брифинг барысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов осылай деді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Бағаны агрессивті түрде көтеру керек”
Әлібек Қуантыров бағаны көтеру жағынан тарифтік бағдарлама жеті жылға есептелгенін хабарлады.
– Бағаны көтеру негізінен, әсіресе сумен жабдықтау, су бұру қызметтерін қамтиды. Қызметтің барлық түріне орта есеппен 10-нан 30%-ға дейін қымбаттайды, өйткені инфрақұрылымның тозған. Яғни құбырларға, желілерге, су құбырларына, кәріздер инфрақұрылымы тозып тұр, - дейді Қуантыров үкіметтің баспасөз орталығында.
Ұлттық экономика министрлігінің басшысы қазір Қазақстанда су тарифі өте төмен екенін атап өтті.
– Былтыр Батыс Қазақстанда бір текше су үшін тариф 44 теңге болды. Әрине, бізде суды үнемсіз пайдаланады. Моншаға барсаңыз, судың есепсіз сарылдап ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек қой. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Су - ең маңызды ресурс, сондықтан оны үнемдеу керек. Тариф өседі. Қазір су бойынша 200-500 теңге төленеді, мұнда агрессивті түрде көтеруге болады. Әйтпесе үнемдеу болмайды, - деді Әлібек Қуантыров.
Министр тарифтің өсуі бір жыл ішінде болатынын айтты.
Еске сала кетейік, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкіметте бүгін су шаруашылығын дамытудың тұжырымдамасын қорғап, оны үкімет мүшелері қолдап дауыс берді.