×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Полиция мәжілісте журналистерге дөрекі сөйлейді: министр не деп жауап берді

31.01.2024, 10:40
Полиция мәжілісте журналистерге дөрекі сөйлейді: министр не деп жауап берді
Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке бұл сұрақты мәжіліс кулуарында бірнеше журналист қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Журналистер ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен полиция қызметкерлері, тіпті "СОБР” жауынгерлері қандай бұйрық негізінде БАҚ қызметкерлерінен үкімет немесе парламент ғимратына жақындағанда қосымша құжаттарды талап ететінін сұрады.

Журналистердің айтуынша, полицейлер дөрекі сөйлейді. Куәліктен басқа аккредиттеу құжаттарын көрсетуді талап етеді.

Министрдің жауабы

- Ал,”дөрекі сөйлейді “ дегенге келер болсақ, біз оны анықтаймыз. Өткізу режимі болуы керек екенін білесіз. Бұл бөлімде, егер полицейлер өкілеттіктерден асып кетсе, біз оны анықтаймыз.  Мұнда қорғалатын ғимараттар бар. Егер өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері болса, хабарласыңыздар, - деді ол.

Сонымен бірге журналистер полицейлер бұл құжаттарды көшеде де талап ететінін айтты.  Құқық қорғаушылардың "эй" деп шақырып, дөрекі сөйлейтінін айтты. Журналистер қосымша құжаттарды талап етуге бұйрық берген сіз бе деп сұрады, бірақ жауап болмады.

- Полиция қызметкері...оның міндеттеріне кіреді...неге көрсетпеске? - дейді министр.

Дау қайдан шықты

Журналистердің айтуынша, жаңа жылдан бастап ІІМ бөлімшелері үкіметтік нысандарды ерекше қорғауға алған. Енді мәжіліске немесе үкіметке кіру үшін журналистерден куәліктен басқа аккредиттеу құжаттары талап етіледі. Бақылауды күшейтудің себептерін ешкім түсіндірген жоқ.