×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Финляндия Ресей мигранттарынан қауіптеніп, шекараны жауып тастады

01.02.2024, 09:07
Фото: Jussi Nukari/AFP/Getty Images

Финляндияның көші-қон қызметі соңғы айларда баспана туралы Ресей азаматтарынан түскен 70 өтінішті қарады, бірақ мерзімі өтіп кеткендіктен оларды қабылдамады немесе жойды. Финляндияның Ресеймен шекарасы 11 ақпанға дейін жабық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Финляндияның көші-қон қызметі 2023 жылдың аяғында Ресейден келген кез келген өтініш берушіге әлі де баспана бермеген. Бұл туралы 31 қаңтар күні YLE медиа компаниясы мәлімдеді.

Осы уақыт ішінде ведомство баспана беру туралы 70 өтінішті қарады, деді көші-қон органдарының өкілі Антти Лехтинен. Өтініш берушілердің шамамен үштен екісіне баспана берілуден бас тартылды, өтініштердің тағы үштен бірі жарамдылық мерзіміне байланысты жойылды, деп түсіндірді ол.

YLE жазғанындай, соңғы айларда Финляндияға Ресей арқылы 1300 адам баспана сұрап келген. Олардың 190-ға жуығы ұшты-күйлі жоғалғандар қатарында.

Ресей-фин шекарасындағы мигранттардың ағыны

Финляндия тиісті құжаттары жоқ мигранттардың ағыны аясында Ресеймен құрлық шекарасын толығымен жауып тастады. Хельсинки Мәскеуді үшінші елдердің азаматтарын шекарадан өтуге арандатты деп айыптады. Желтоқсан айының ортасында екі өткізу пункті жұмысын қайта бастады, бірақ бірнеше сағаттан кейін қайтадан жабылды. 2024 жылдың қаңтарында Хельсинкидегі билік Шығыс шекараның жабылуын 11 ақпанға дейін ұзартуға шешім қабылдады.

Мигранттар Ресей Федерациясының Финляндиямен шекарасынан өтуге тырысуда деді Финляндия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Элина Валтонен. ІІМ басшысы Мари Рантанен де осындай пікірде, алайда шекараның жабылуы Финляндияда тұратын ресейліктер мен қос азаматтығы бар адамдар үшін қиындықтар туғызатынын мойындады.

Серіктес жаңалықтары