×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Судьяның шешімі»: Жоғарғы сот төрағасы жабық соттар жөнінде не дейді

02.02.2024, 12:28
«Судьяның шешімі»: Жоғарғы сот төрағасы жабық соттар жөнінде не дейді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанда біраздан бері белсенділердің соты жабық өтіп жатыр. Не себепті олай екенін Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстанның Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевке қойды.

Айта кетейік, бүгін Астанада инвесторлардың құқығын қорғау мәселесі жөнінде үлкен жиын болған. Оған Қазақстанның Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев қатысты. Жиынның алғашқы бөлігі біткеннен кейін кулуарда сұрақ қоюға мүмкіндік туды.

– Әрине, ол мәселе жөнінде айтып жатырмыз. Соттардың ашықтығы – Конституциялық принцип. Мәселелердің барлығы сондықтан ашық талқылануы керек. Ал белгілі жағдайларда өтініш бойынша төрағалық етуші судья сондай шешім қабылдауы мүмкін. Егер белгілі қылмыстық істер бойынша ашықтық бұзған болса, жоғарғы инстанцияға апелляциялық шағым қаралған кезде соған баға беріледі. Ал негізгі қаралып жатқан істердің барлығы ашық және барлығының қатысуымен болып жатыр. Ал соттардың жабық өтуінің негізгі ережелері процестік заңнамада көрсетілген. Төрағалық етуші судьяның қабылдаған шешімдері. Біз оған Жоғарғы сотта немесе апелляциялық алқада баға береміз, – дейді Асламбек Мерғалиев.

Еске сала кетейік, елде Қаңтар оқиғасына байланысты соттар, белсенді Марат Жыланбаев пен экс-депутат Нұржан Әлтаевтың соттары жабық өткен болатын. Бұл процестерде сотталғандар сот процесінің ашық өтуін талап еткен. Олардан бөлек, Қаңтар оқиғасына байланысты экс-депутат Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтің де соты жабық өтіп жатыр. Таяуда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтың де соты жабық өтетіні белгілі болды.

Жоғарғы сотының жаңа төрағасы болып Асламбек Мерғалиев 2022 жылдың желтоқсанында тағайындалған.