×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

«Өте сезімтал мәселе»: Склярдан зейнетақы ақшасына неге вагон алынғалы жатқаны сұралды

02.02.2024, 12:45
Коллаж: ulysmedia.kz.

Журналистер үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярден зейнеткерлердің ақшасына не үшін «Бәйтерек» холдингі арқылы вагон сатып алу көзделіп отырғанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Скляр не дейді?

Скляр БЖЗҚ-ның жекелеген жобаларына басымдық бергісі келмейтінін айтады. Сөзінше, мұндай тәжірибе бұрынна бар.

– Ол БЖЗҚ ақшасы немесе екінші деңгейлі банктердің немесе жеке инвесторлардың қаражаты болуы мүмкін. Бұл жерде алынған қаражаттың қайтатынына кепіл болғаны маңызды. БЖЗҚ қаражатын алу өте сезімтал мәселе екені түсінікті. Бұл ақша қорға жарна аударып отырған әр азаматқа табыс әкеліп, келешектегі зейнетақы жинағына инвестициялық кірісті қамтамасыз етуі керек», - деді ол инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі форум аясында БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Оның сөзінше, БЖЗҚ ақшасы қандай жобаға тартылғаны емес, неше пайызбен тартылғаны маңызды. Сонымен бірге мұндай жобалардың тәуекелі үлкен болмауы керек деп есептейді.

– Қаржы институттарының, оның ішінде «Бәйтеректің» міндеті - осы мәселелерді толыққанды шешу. «Бәйтерек» - 100 пайыз мемлекеттік холдинг. Сондықтан БЖЗҚ қаражатының қайтатынына да 100 пайыз кепілдік бар. Осыны түсіну маңызды. Ал холдингтің қандай жобаларға несие тартатыны екінші мәселе. Сондықтан мен 100 пайыз кепілдік бар екеніне және пайыздық мөлшерлемесіне көбірек мән беру дұрыс дер едім», - деді Роман Скляр.

Бұл қандай жобалар?

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 173 млрд теңгесін "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салу жөніндегі шешімге түсініктеме берген болатын. Оның сөзінше, бұл шығын инфрақұрылымдық жобаларды, атап айтқанда, өте қажетті жолаушылар жүк вагондарын сатып алуды жүзеге асыруға көмектеседі. Жолаушылар вагонының 50-70% тозып тұрғанын айтқан Қуантыров вагондар отандық компаниялардан жеткізілетінін хабарлаған.

Оның алдында "Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов энергетика жобалары үшін БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңге көлемінде қаражат қалай пайдаланылатыны туралы мәліметтерді жариялаған еді.

Серіктес жаңалықтары