×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Ресей Қазақстанға жылу орталығын қазақстандықтардың зейнетақысы есебінен салып береді

24.01.2024, 13:36
Коллаж: ulysmedia.kz.

"Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов энергетика жобалары үшін БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңге көлемінде қаражат қалай пайдаланылатыны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоба жайлы мәліметтер

Рысқұлов ел үкіметі әрбір жобаны жіті қарайтынын атап өтті. Негізгі операторлар ретінде "Самұрық-Қазына" және "Бәйтерек" жұмыс істейді. Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор жобадағы қазақстандық үлес басты басымдық болатынына сендірді. Рысқұлов ақша жобаларды іске асыру қажеттілігіне қарай бөлінетінін атап өтеді.

Қандай жобалар туралы айтылды

Рысқұлов БЖЗҚ-дан 1,5 трлн теңгенің бір бөлігі жылу электр орталықтары бойынша жобаларды қоса қаржыландыруға жұмсалатынын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, оларды Қазақстан үшін Ресей салып жатыр.

– Қазір ресейлік серіктестермен үш ЖЭО-ны іске асыру мәселесі талқыланып жатыр. Яғни кейбір бөлігін қоса қаржыландыруды да көздеп отырмыз, – деді ол.

Былтыр қол қойылған құжат

Былтыр Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин екі елдің бірлескен жобалары туралы айтқан болатын. Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа қол қойылған.

Қазақстаннан тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын "Самұрық-Энерго" АҚ. Ресейден – "ИНТЕР РАО-Экспорт" коомпаниясы. 

Серіктес жаңалықтары