×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Антикор куәгер ретінде тартқан азамат өзіне қол жұмсады

03.02.2024, 08:48
Антикор куәгер ретінде тартқан азамат өзіне қол жұмсады
Pixabay

Павлодар облысындағы "Ертіс Орманы" резерватының бұрынғы қызметкері Жәнібек Сәдуов өз қорасында арқанмен асылып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өлімнің алдын-ала себебі – суицид.

Сәдуов орман резерватындағы ұрлық ісі бойынша куәгер ретінде Антикорда бірнеше сағат бойы жауап алынғаны белгілі болды.

Естеріңізге салсақ, былтыр Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген болатын.

Полиция қызметкерлері “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.  Орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін деген болжам айтылған болатын. 

Бүгінде “Суицидке жеткізу" бабы бойынша іс қозғалды. Прокурордың басшылығымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.