Әзербайжанда коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын жалған жасатқандар 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында Әзербайжанда сатып алынған жалған вакцинация паспорттары үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, бас бостандығынан айыру көзделгені туралы жазылды.
«Әзербайжан заңнамасына сәйкес жалған COVID-паспортын сатып алудың қылмыстық құрамы бар екенін хабарлаймыз», - деді ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Эльшад Гаджиев.
Егер вакцинация туралы заңсыз құжаты бар азамат басқа адамға вирус жұқтырса және ол адам қайтыс болса, 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.