×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Әзербайжанда жалған вакцинация паспортын жасатқандар түрмеге қамалады

26.10.2021, 21:18
Фото: ашық дереккөз

Әзербайжанда коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын жалған жасатқандар 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында Әзербайжанда сатып алынған жалған вакцинация паспорттары үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, бас бостандығынан айыру көзделгені туралы жазылды.

«Әзербайжан заңнамасына сәйкес жалған COVID-паспортын сатып алудың қылмыстық құрамы бар екенін хабарлаймыз», - деді ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Эльшад Гаджиев.

Егер вакцинация туралы заңсыз құжаты бар азамат басқа адамға вирус жұқтырса және ол адам қайтыс болса, 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары