×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабылды

03.02.2024, 18:01
Ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысында – 1 учаске

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. – 79 км.

(тұман, шектеулі көрініс, жел)

Қостанай облысында – 1 учаске

1.«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 83 км.

(Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске

1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. – 115 км.

(бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 бірлік арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары