×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Автокөлік экспорты: Қытай Жапонияны артқа тастады

04.02.2024, 15:47
Автокөлік экспорты: Қытай Жапонияны артқа тастады
Ашық дереккөзден

Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының мәліметінше, 2023 жылы Қытайдың автомобиль экспорты тұңғыш рет Жапонияны басып озып, әлемде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, 31 қаңтарда Жапонияның автомобиль өндірушілері қауымдастығы 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты туралы деректерді жариялаған.

Атап айтқанда, 2023 жылы жапондық автомобиль экспорты 4,42 миллион көліктен асқан.

«Бұған дейін Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының деректері Қытайдың автокөлік экспорты 2023 жылы 4,91 миллион дана болғанын көрсеткен. Бұл Қытайдың автокөлік экспортында алғаш рет Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды дегенді білдіреді», – деп жазады «Жэньминь жибао».