×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі Ресейде "терроршылар" тізіміне енді

06.02.2024, 13:49
Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі Ресейде "терроршылар" тізіміне енді
Ulysmedia

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевский Ресей Федерациясында "экстремистер мен терроршылар" тізіміне енгізілді. Бұл ақпарат "Росфинмониторингтің" мәліметтер базасынан алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Петр Врублевский

2022 жылдың қазан айында Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді Қазақстандағы елші қызметінен босатты. Себебі белгілі. Ресейлік БАҚ дипломаттың блогер Диас Кузаирге берген сұхбатының үзіндісін таратқаннан болатын. Онда Врублевский "біз қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, балаларымызды соғұрлым аз өлтіруіміз керек" деген тұжырымды айтқан еді. Кейіннен Қазақстан СІМ наразылық білдіріп, елші кешірім сұрады.

2022 жылы наурызда Врублевский Ulysmedia.kz порталына эксклюзивті сұхбат берді. Онда ол Ресейдің Украинаға басып кіруі, Еуропаға қашқан босқындардың жағдайы туралы айтып, қазақстандықтардан жөнелтілген гуманитарлық көмек туралы айтты.

Украинаның Қазақстандағы елшісі

2022 жылдың қазан айынан бастап Украинаның ҚР-дағы елшісі лауазымы бос тұр.

Қазақстандағы Украина істері бойынша уақытша сенім білдірілген өкіл – Сергей Павленко.

2023 жылдың наурыз айында Луганск облыстық әскери әкімшілігінің бұрынғы басшысы Сергей Гайдай Украинаның ҚР елшісі ретінде бара алатынын мәлімдеді.