×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нұртілеу, Жақсылықов, Сәденов үшеуі министр орынтағында қалды

06.02.2024, 15:15
Нұртілеу, Жақсылықов, Сәденов үшеуі министр орынтағында қалды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақорда үш министрдің қызметін жалғастыратыны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлерді тағайындау басталды. Мұрат Нұртілеу премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі ,Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінде қалады. Ержан Сәденов те ішкі істер министрі қызметін жалғастырады.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы болып тағайындалды.  

Тоқаев Бектеновтың кандидатурасын Аманат партиясы ұсынғанын, оны өзі де қолдайтынын айтты. Осыдан кейін сөз алған Қазақстан халық партиясы, ЖСДП партиясының басшылары Бектеновтың кандидатурасын қолдамай, қалыс қалатынын мәлімдеді. Ал Аманат, Республика, Ақжол, Ауыл партиясы Бектеновтың кандидатурасын қолдады.

69 депутат Бектеновтың кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

 Олжас Бектеновтың кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынған еді.