×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ресми: Олжас Бектенов – жаңа премьер-министр

06.02.2024, 14:12
Коллаж: ulysmedia.kz.

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент алдымен Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Ақорда алдымен, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізгенін хабарлады.

Кездесуде президент Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты. Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысқан.

Жалпы отырыс

Осыдан кейін мәжілістің жалпы отырысына басталды. Алдымен, президент Қасым-Жомарт Тоқаев “біздің барлық іс-әрекетіміз Әділетті Қазақстан құруға сай болуға тиіс” деді. 

– Жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажет. Маңызды шешімдерді шұғыл қабылдап, көп созбай, шешуші қадамдарды жасау қажет, – деп тапсырма берді Тоқаев сөзінде.

Президент кез келген қауіп-қатерге төтеп беру үшін үкіметтің өзі де толық қайта жандануға дайын болуға тиіс екенін, сол үшін үкімет жұмысына жаңа серпін беру қажет деп мәлімдеді. “Сол себепті мен Әлихан Смайыловтың отставкасы труалы өтінішті қабылдадым” деді ол.

Партиялар қолдауы: 4:2

Тоқаев Бектеновтың кандидатурасын Аманат партиясы ұсынғанын, оны өзі де қолдайтынын айтты. Осыдан кейін сөз алған Қазақстан халық партиясы, ЖСДП партиясының басшылары Бектеновтың кандидатурасын қолдамай, қалыс қалатынын мәлімдеді. Ал Аманат, Республика, Ақжол, Ауыл партиясы Бектеновтың кандидатурасын қолдады.

69 депутат Бектеновтың кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

Еске сала кетейік, «Amanat» партиясы премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновты ұсынған еді. 

Ол жас

Саяси сахнада Олжас жас саясаткерлердің бірі. 43 жасында үкімет тізгіні қолына тиіп отыр. Алматының тумасы.

Бектенов қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001). Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2005-2006 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.  

2006-2009 жылдары – ҚР президентінің әкімшілігінде қызмет істеді.

2009-2012 жылдары – ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары – ҚР экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР президенті әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

2023 жылдың 3 сәуірінде мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.

Серіктес жаңалықтары