×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып, жалпы отырысқа қатыса алмады

06.02.2024, 16:41
Ерлан Қошанов  коронавирус жұқтырып, жалпы отырысқа қатыса алмады
Фото: Ашық дереккөзден

Мұны Ulysmedia.kz тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметі растады.

Қошанов бүгін премьер-министр тағайындалған жалпы отырысқа денсаулығына, коронавирус жұқтыруына байланысты қатыса алмаған. Қазір ол емделіп жатыр.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы үкіметінің басшысы болып тағайындалды.  

Тоқаев Бектеновтың кандидатурасын Аманат партиясы ұсынғанын, оны өзі де қолдайтынын айтты. Осыдан кейін сөз алған Қазақстан халық партиясы, ЖСДП партиясының басшылары Бектеновтың кандидатурасын қолдамай, қалыс қалатынын мәлімдеді. Ал Аманат, Республика, Ақжол, Ауыл партиясы Бектеновтың кандидатурасын қолдады.

69 депутат Бектеновтың кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

 Олжас Бектеновтың кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынған еді.