×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды

07.02.2024, 11:43
Жеке мұрағат

Әлеуметтік желіде аз уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болған Нұрлан имам АҚШ-та жүр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ол жеке парақшасында Филадельфияда екі жастың некесін қиғанын жазды.

Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өз кезегінде Нұрлан имамға алғыстарын жаудырды.

“Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас Имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан сон Нурлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды.

Бұл кездесу барысында - жақсы адамдардын қасиеттері, түзу жол және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздын ақ некесын қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті” – деп жазды рухани кездесуге қатысқандардың бірі.

Қалыңдықтың мәһрге не сұрағаны белгісіз, бастысы – жастардың бақытты болуы.

Серіктес жаңалықтары