Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Комитет 2024 жылдың 24 қаңтарында Ақтау қаласының халықаралық әуежайында Маңғыстау облысындағы департаменттің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстағанын хабарлайды.
– Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 келіден асады, – делігнген хабарламада.
Сот шешімімен фигуранттар қамауға алынған. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.