"Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде 8 ақпанда сағат 12:55-те электр сиреналары, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, теле-радио хабарларын таратуды тоқтатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
Сиренадан қауіптенудің еш себебі жоқ. Тек жүйелер тексеріледі.
Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» біріңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар,радиолар және т.б.) қосулары керек.
– Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауды, үрейленбеулеріңізді сұрайды, – делінген Астана қаласының төтенше жғдайлар департаментінің хабарламасында.