×
$
446.56
512.34
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
446.56
512.34
5.3

Астанада қылмыстық топ қыздарды жезөкшелікке тартып, мас клиенттерден ақша бопсалаған

Бүгін, 17:04
Астанада қылмыстық топ қыздарды жезөкшелікке тартып, мас клиенттерден ақша бопсалаған
Астана прокуратурасы

Тергеу нұсқасы бойынша, апалы-сіңлі мен олардың күйеуі Астанадағы тұрғын үй кешендерінен жалға алған пәтерлерді жезөкшелік орнын ұйымдастыру үшін пайдаланған. Жыныстық қызмет көрсету үшін қыздарды түнгі клубтардан іздеген, ал мас клиенттерден ақша бопсалаған. Іс бойынша 15 адам күдікке ілінді. Тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, притон екі жыл бойы жұмыс істеген. Оны екі әпкесі күйеулерімен бірге ұйымдастырған. Қылмыстық іске күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама орналастырған адамдар тартылған.

Қыздарды түнгі клубтардан іздеген. Оларға жоғары табыс, баспана, қауіпсіздік пен құпиялылыққа кепілдік берілген.

Клиенттерді ақшасыз жібермеген

Топтың әрекеті жыныстық қызмет көрсетумен ғана шектелмеген. Қылмыстық топ мүшелері алкоголь ішкен клиенттердің жағдайын пайдаланып, оларға күш қолданған, ақша бопсалаған және жалдамалы пәтерлерде заңсыз ұстаған.

– Бұдан бөлек, қылмыскерлер алкогольдік масаң күйдегі клиенттердің жағдайын пайдаланып, оларға күш қолданған, ақша бопсалаған және жалдамалы пәтерлерде заңсыз ұстаған, – деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жыныстық қызмет көрсетуге тартқан.

Барлығы 15 адам ұсталды. Олардың бір бөлігі қамауға алынса, қалғандарына үйқамақ түріндегі бұлтартпас шарасы қолданылған.

Енді қылмыстық істі сот қарайды.