Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы іздеу-құтқару жұмыстарының барысы туралы ақпаратты жаңартты. Қазіргі уақытқа дейін бір әйел мен екі жасөспірімнің денесі табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Соңғы ақпарат
Оқиға орнында үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстар өткір заттар, әйнек, арматура және тағы басқа заттар араласқан саз балшық массасының үлкен көлемімен, сондай-ақ үйге кіру жолының тар болуымен, техниканы барынша пайдалану мүмкін еместігімен қиындай түскен.
Құтқарушылар жұмысты негізінен қолмен жүргізуде. Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты. ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
Оқиға қалай болды?
Сағат түнгі 02:20 уақытында Медеу ауданындағы Тау-Самал шағын ауданында техногендік сипаттағы апат болып, топырақтың сырғып үйлерді басып қалған. Соның салдарынан Медеу ауданында екі үйге зақым келген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен үйде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
№47орта мектепте жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды. Хабарламада тұрғындар пунктке жүгінгеннен кейін өз бастамалары бойынша туыстарының үйіне кеткені жазылған. Болған оқиғаның себептерін тергеу үшін арнайы топ құрылған.