×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мәжілістегі маска режимі: 15 депутат коронавирус жұқтырды

08.02.2024, 14:05
Фото: Скриншот

Парламенттің төменгі палатасында маска режимі енгізілді. Коронавирусты 15 депутат жұқтырып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілістің баспасөз қызметі палатада коронавирус бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасқанын хабарлады.

– 7 ақпаннан бастап міндетті маска режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілді, - делінген хабарламада.

7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу онлайн-форматқа ауыстырылады немесе бетперде режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Айта кетейік, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің отырысы жаңа санитарлық талаптар бойынша өтіп жатыр.

6 ақпанда мәжіліс спикері Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Дәл осы себепті ол депутаттар жаңа премьер-министрді сайлаған кезде президенттің қатысуымен өткен палатаның пленарлық отырысында болған жоқ.

Серіктес жаңалықтары