×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Путин не дейді – Ресей басшысының Америка журналистіне берген сұхбаты шықты

09.02.2024, 08:29
скриншот

Владимир Путин америкалық тележүргізуші Такер Карлсонға екі сағаттық сұхбат берді. Ulysmedia.kz порталының Ресей президентінің негізгі сөздерін келтіреді.

Украинаның "денацификациясы" жайлы

«Біз Украинадағы мақсаттарымызға әлі қол жеткізген жоқпыз, өйткені мақсаттың бірі — денацификация. Бұл жерде нео-нацистік қозғалыстардың барлық түріне тыйым салу жайлы айтып отырмын. Бұл теория мен практиканы өмірде қалдырып, сақтауға тырысатын адамдардан арылу керек.

Сізге қаншалықты оғаш болып көрінсе де, Ыстамбұлдағы келіссөздер барысында біз Украинада нео-нацизм дамымайды, оның ішінде заңнамалық деңгейде тыйым салынады деп келіскенімізді білесіз. Қандай да бір мемлекеттерге нацистерді насихаттауға рұқсат бар ма? Жоқ, солай ғой?

Мен бұл жайлы Зеленскиймен сөйлестім. Мен: "Володя, сен не істеп жатырсың? Әкең фашизммен соғысқан адам, ал сен неге бүгін Украинада нео-нацистерді қолдап отырсың? Әкең майдангер еді ғой" деп ескерттім».

Жаңа дүниежүзілік соғыс қаупі жайлы

«НАТО елдері жаһандық соғыс пен ядролық қақтығыс туралы айта береді, бірақ олар өз халқын Ресейден қауіп бар деп қорқытуға тырысады.

Ресей өз әскерін Польшаға тек бір жағдайда жібереді: Егер Польша Ресейге шабуыл жасаса.

Неліктен? Өйткені бізде Польшада да, Латвияда да еш мүдде жоқ. Не керек бізге ол?»

АҚШ-тың соғысқа араласуы туралы

«Америкалықтардың басқа шаруасы жоқ болғаны ма? Сіздерде шекарада проблемалар бар.

Көші-қон мәселелері, ұлттық қарыз мәселелері. Оның өзі 33 трлн доллардан асады.

Ресеймен келіскен дұрыс емес пе? Келісу керек. Қазірдің өзінде қалыптасқан жағдайды түсініп, Ресейдің өз мүдделері үшін соңына дейін күресетінін ұғынып, ақылға жүгініп, біздің елге, оның мүдделеріне құрметпен қарауды бастап, қандай да бір шешім іздеуге болмас па?»

Украинамен келіссөз

«Украина президенті мырза бізбен келіссөз жүргізуге тыйым салатын жарлық шығарып қойған.

Ол бұл жарлықты алып тастасын, сонымен болды.

Біз ешқашан келіссөздерден бас тартқан емеспіз».

Ресей мен Украина халықтары туралы

«Украинадағы бұл шексіз мобилизация, ашу-ыза, ішкі проблемалар, мұның бәрі... Ерте ме, кеш пе біз бәрібір келісімге келеміз. Сіз білесіз бе? Мүмкін, бүгінгі жағдайда тіпті біртүрлі естілуі мүмкін: бәрібір екі халық арасындағы қарым-қатынас бәрібір қалпына келеді.

Бұл көп уақытты алады, бірақ бәрібір қалпына келеді. Болып жатқан жайттар белгілі бір дәрежеде азаматтық соғыстың элементі іспетті. Батыста бәрі орыс халқының бір бөлігі екіншісінен мәңгілік ажырады деп ойлайды.

Жоқ. Бірігу болады. Ол ешқайда кеткен де жоқ».

The Wall Street Journal тілшісі Эван Гершковичті босату туралы

«Біз ізгі ниетті көп танытқанымыз соншалық, менің ойымша, лимитті тауысып алдық қой деймін. Бізге қайтарым ретінде ешкім де осындай ізгі ниетін бідірген жоқ. Бірақ біз, негізінен, серіктестеріміз тарапы бізге ниет танытса, мұны істей алатынымызды жоққа шығармаймыз деп айтуға дайынбыз.

Серіктестер туралы айтар болсам, бірінші кезекте барлау қызметтерін айтамын. Сіз айтқан адам – Гершкович мырза өз отанында оралуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бірақ, ақыр соңында, оны Ресейде түрмеде ұстаудың еш мағынасы жоқ».

Серіктес жаңалықтары