×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Зеленский отставкаға кеткен УҚК бас қолбасшысы Залужныйға Украина Батыры атағын берді

09.02.2024, 17:35
Влаимир Зеленскийдің парақшасынан

Украина президенті Владимир Зеленский отставкаға кеткен Украина қарулы күштерінің Залужныйға Украина Батыры атағын берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Залужныйға Украинаның Батыры атағы не үшін берілді

Президент Владимир Зеленскийдің жарлығына сәйкес, Валерий Залужный "Украинаның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы ерекше жеке еңбегі, украин халқына жанқиярлық қызметі үшін" марапатталды.

Бұрынғы бас қолбасшыға "Алтын Жұлдыз" ордені де берілді.

Сонымен қатар, Зеленский бас барлау басқармасының басшысы Кирил Будановқа Украина Батыры атағын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Залужныйдың отставкасы

Бір күн бұрын Зеленский Залужныйды 2021 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан бас қолбасшы қызметінен босатқан. Бас комитеттің орнын осы уақытқа дейін Украинаның құрлық әскерлерін басқарған Александр Сырский басты.

Серіктес жаңалықтары