×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматыдан 849 шақырым жерде жер сілкінді

11.02.2024, 08:43
Pixabay

Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Оқиға Алматыдан 849 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша 06:37:07 жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV - 5.3. Тереңдігі – 30 шақырымда.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге салсақ, «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеген болатын.

Серіктес жаңалықтары